Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жалған ПТР мен вакцинация төлқұжатын жасаған қанша дәрігер ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингі барысында жалған вакцинация төлқұжатын жасаған дәрігерлердің әрекеті әшкере болғаны туралы айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, жыл басынан бері полицейлер 110 қылмыстық іс қозғаған, оның 50-і жалған вакцинация төлқұжаттарын жасау, 60-ы жалған ПТР анықтамаларды жасау фактілері бойынша қозғалған.

Оның сөзіне сенсек, бұған дейін Ішкі істер министрлігінде өткен кездесуде министр Ерлан Тұрғымбаев жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталғанын мәлімдеген.

Жекелеген туроператорлар жалған вакцинация төлқұжаттарын дайындау және сатумен айналысқан. Теміржол вокзалдарында, әуежайларда және Мемлекеттік шекараның өткізу бекеттерінде олардың жүзеге асырылу фактілері тоқтатылды.

"Жалған ПТР анықтамалар мен вакцинация төлқұжатын жасаған 28 адам әшкереленді, оның ішінде 20 медицина қызметкері, 8 делдал бар. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде жалған вакцинация төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын сату туралы 70 жарнама анықталды, оның 37-сі бұғатталды", – деп хабарлады департаментте.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының полиция қызметкерлері 200-ден астам жалған вакцинация төлқұжатын тәркілеген болатын.

Құзырлы орган өкілдері қалалық емханалардың бірінде төрт медицина қызметкері адамдардың коронавирусқа қарсы вакицна алғаны жайлы электрондық базаға жалған мәліметтер енгізгенін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926250-elimizde-zalgan-ptr-men-vakcinaciya-tolquzatyn-zasagan-qansa-dariger-ustaldy/

pixel