Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр мен найзағай: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөліктер елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды.

Нәтижесінде, Қазақстанның солтүстігі, орталығы және шығысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады.

Синоптиктер мәліметінше, аталған аймақтардағы ауа температурасы түнде плюс 8-15-ке дейін төмендейдi.

Ал күндіз 17-22 градус аралығында жылы болмақ.

"Республиканың қалған аумағында антициклон құрғақ және шуақты ауа райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек бұған дейін қазақстандық синоптиктер жаз мезгілінің соңғы айы - тамызға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған еді.

Мамандар тамыз айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық және көбінесе құрғақ ауа райы күтілетінін болжаған болатын.

Ал тамыз айының екінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысына суық ауа массалары түседі. Нәтижесінде ауа райы тұрақсыз болады дейді синоптиктер. Яғни, жаңбыр жауады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай мен желдің күшеюі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926263-zanbyr-men-naizagai-qazaqstanda-aldagy-us-kunde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel