Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда экс-шенеуніктің қызына ұзату той өткізген мейрамхана қанша айыппұл төлейді

Опубликовано:

Ариста
Фото: ОСА

Қарағандыда Arista мейрамханасының қожайыны мен салтанатты іс-шараларды ұйымдастырушылар карантин режимін бұзғаны үшін жазаланады. Олар сәйкесінше 670 және 87 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды ​​облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы шектеу талаптарын бұзғандарға қатысты әкімшілік іс қозғау бойынша жұмыс жүргізуде.

"Arista мейрамханасында жаппай іс-шараларды ұйымдастырғаны, өткізгені және қатысқаны үшін әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, оған сәйкес жеке тұлғаларға 30 АЕК (87 510 теңге), кәсіпкерлік субъектісіне 230 АЕК (670 910 теңге) көлемінде айыппұл салынады", – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы бойынша СЭБД баспасөз қызметі.

Ведомство алдын ала болжам бойынша ұйымдастырушысы облыстың жер қатынастары басқармасының экс-басшысы Калел Мақсұтов болуы мүмкін қыз ұзату тойын өткізу фактісіне қатысты арнайы тексеру жалғасатынын атап өтті.

Тексеру аяқталғаннан кейін ғана той қонақтарының арасында басқа шенеуніктердің бар-жоқтығы белгілі болады.

"Біздің облыс "қою-қызыл" аймақта тұр. Бір айдан астам уақыт өтті, коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Осыған байланысты, біз адамдардың жаппай жиналуына, сондай-ақ отбасылық, мерейтойлық іс-шараларға, соның ішінде үйде ұйымдастыруға, өткізуге және қатысуға тыйым салынғанын еске салғымыз келеді. Біз кәсіпкерлер мен облыс тұрғындарын барлық карантин шектеулерін сақтауға шақырамыз!", – деп қосты Қарағанды ​​облысы бойынша СЭБД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926288-qaragandyda-eks-seneuniktin-qyzyna-uzatu-toi-otkizgen-meiramxana-qansa-aiyppul-toleidi/

pixel