Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мониторинг тобының мүшелерін көрген қалыңдық тойынан қаша жөнелді (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/dp_pavlodar

Павлодарда қалыңдық мониторинг тобының мүшелерін көріп, өз тойынан қашып кетті. Бұл жағдай камераға түсіп қалған. Толық ақпарат облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Мониторинг топтары карантин режимінің сақталуын үнемі тексеріп отырады.

Өткен демалыс күндері Павлодарда 11 заңбұзушылық жағдайы анықталды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, мониторинг тобының мүшелері 6 тамыз күні сағат 20.00-де Хайдаров көшесіндегі тойханада іс-шара болып жатқанын анықтады, шараға 30-ға жуық адам қатысқан.

Жауапкершіліктен және жоғары айыппұлдан қорыққан қонақтар тексерушілерді көріп жан-жаққа қаша жөнелді, қашқандардың арасында қалыңдық пен күйеу жігіт те бар. Ұзын ақ көйлегімен ізін сутыпақ болған қалыңдық ақыры қолға түскен. Тәртіп бұзғандардың барлығы полицияға жеткізілді, олардың жеке басы анықталды.

"Бұл факт бойынша материалдар жиналып, әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді.

Үйлену тойына әрбір қатысушы 30 АЕК (87 510 теңге), ал мекеменің иесі 230 АЕК (670 910 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс", – деді Павлодар полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Каптаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда Arista мейрамханасының қожайыны мен салтанатты іс-шараларды ұйымдастырушылар карантин режимін бұзғаны үшін қанша айыппұл төлейтіні хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926297-pavlodarda-monitoring-tobynyn-muselerin-korgen-qalyndyq-toiynan-qasa-zoneldi-video/

pixel