Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда түнгі уақытта 15 жастағы бала жоғалып кетті

Опубликовано:

Алмасхан Үсенбаев
Алмасхан Үсенбаев. Фото: polisia.kz

Петропавлда 15 жастағы Алмасхан Үсенбаев есімді жасөспірім жоғалып кетті. Полицейлер мен еріктілер жасөспірімді іздеп жатыр деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 15 жастағы Алмасхан Үсенбаев отбасымен Петропавлға Нұр-Сұлтаннан екі апта бұрын көшіп келген.

Олар Шухов көшесіндегі жатақханада тұрады. Жасөспірім тамыздың 8-нен 9-на қараған түні жоғалып кеткен.

Қазір полиция оның жоғалуының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Кәмелетке толмаған тұрғынды іздеуге Петропавл полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің жеке құрамы, криминалдық полиция және еріктілер атсалысуда.

"Егер сізде Алмасхан Үсенбаевтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада жақын жердегі полиция бөліміне хабарласуыңызды немесе 102 телефонына қоңырау шалуыңызды сұраймыз", – дейді тәртіп сақшылары.

Еске салсақ, бұған дейін Қапшағайда төрт жасар қыз бала ата-анасынан адасып қалғаны туралы жазған едік. Құтқарушылар адасып қалған қыздың анасын тапты.

Одан бөлек, Маңғыстау облысының тұрғыны Дилбара Тілеулесова кәмелетке толмаған үш баласымен Шымкентке баратын пойызға отырып, із -түссіз жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз. Туыстары дабыл қағып, тәртіп сақшыларына жүгінген. Тәртіп сақшылары көп ұзамай оларды аман-есен тауып алғанын хабарлады.

Сондай-ақ, елордада жоғалып кеткен екі жеткіншек табылғаны туралы жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926308-petropavlda-tungi-uaqytta-15-zastagy-bala-zogalyp-ketti/

pixel