Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меккеде шетелдіктер үшін кіші қажылыққа рұқсат берілді

Опубликовано:

Сауд Арабиясы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Сауд Арабиясы кіші қажылық жасағысы келетін шетелдіктерге шекарасын ашпақ. Бүгіннен бастап умраға өтініш қабылданып жатыр. Осы орайда кіші қажылық жасағысы келетін шетелдіктерге қандай талап қойылатыны да белгілі болды деп жазады "Хабар 24".

9 тамыздан бастап умраға өтініштер қабылданып жатқаны белгілі болып отыр. Кіші қажылық жасағысы келетіндерге қойылып отырған басты талап – келушілер корольдік мойындаған коронавирусқа қарсы екпені салдыртуы тиіс. Аталмыш мемлекет жарамды деп таныған вакциналар тізімінде Moderna, Pfizer/BioNTech, AstraZeneca, сондай-ақ Janssen (Johnson & Johnson) препараттары бар.

Сауд Арабиясының билігі шетелдіктердің кіші қажылыққа келуіне 18 ай бұрын тыйым салған болатын. Пандемияға дейін мұнда жыл сайын қажылықтан 12 миллиард доллар қаржы түсетін.

Еске салсақ, бұған дейін Сауд Арабиясы Корольдігінің денсаулық сақтау министрлігі биылғы қажылыққа қатысты арнайы талаптарын жариялаған еді.

Онда вакцина салу талабынан бөлек, әр қажының Корольдікке келген кезде 72 сағатқа жарамды теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын да көрсетуі міндетті екені хабарланған.

Сонымен бірге, шет елдерден келген кісілерге қажылық құлшылығына қатысы жоқ өзге аймақтарға баруына тыйым салынатыны алға тартылды.

Қажылар Мекке аймағында бір орыннан екінші орынға көшкен уақытта барлық денсаулық сақтау шараларын қатаң сақтауы тиіс, бекітілген ережелерге толық бағынуы қажет.

Мүфтият қажылық маусымына қатысты жаңа ақпараттар мен қосымша талаптар болған жағдайда қосымша хабарланатынын атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926323-mekkede-seteldikter-usin-kisi-qazylyqqa-ruqsat-berildi/

pixel