Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасы 18-ге толған студенттер вакцина алуға міндетті ме

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде студенттерге вакцина алу міндетті ме? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маман "жасы 18-ге толған студентке вакцина алу міндетті ме" деген сауалға келесідегідей жауап қатты.

"Студенттің жасы 18-ге толмаған болса вакцина алу міндетті емес, ал кәмелет жасына (18 жасқа) толған студенттің вакцина алуына рұқсат. Әрине, студенттің өз еркі бойынша", - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы №11 емхананың бөлім меңгерушісі індетке шалдықпау немесе одан қорғану вакцина алумен ғана шектелмейтініне баса назар аударды.

"Вакцина адамды індеттен қорғауда 90% кепілдік береді, қалғаны әр адамның ағзасына байланысты. Халық арасында жиі кездесетін қателіктердің бірі - "вакцина алдым" дейді де, сол сәттен бастап маска тақпай, ара қашықтықты сақтамай, той-жиынға барып жүре береді. Вакцинаны толықтай алғанның өзінде антидене 2 айға дейін сақталады. Осыны ұмытпаған жөн. Яғни, індетке шалдықпау немесе одан қорғану вакцина алумен ғана шектелмейді", - деді елордалық жалпы тәжірибе дәрігері, Нұр-Сұлтан қаласы №11 емхананың бөлім меңгерушісі Айдана Аязбекқызы.

Одан бөлек, дәрігер маман вакцинаға қатысты түрлі жаңсақ пікірден аулақ болуға шақырды.

"Иә, екпе алғанына қарамастан аталған індетке қайта шалдығып жатқандар бар. Халық арасында "екпе алдым, бітті, енді ешқашан ауырмаймын" деген жаңсақ пікір бар, одан аулақ болайық. Денсаулық пен ағзаның саулығы тек вакцина алумен шектелмейді. Вакцина - денсаулық пен ағзаның саулығын сақтаудың бір жолы ғана", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926333-zasy-18-ge-tolgan-studentter-vakcina-aluga-mindetti-me/

pixel