Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматыда танктері бар блокпосттар қойылуда": Қорғаныс министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Военную технику перевозят на грузовике
Әскери техника. Фото: stopfake.kz

Қазақстандағы желі қолданушылары "Алматы маңында әскери техникамен қорғалатын блокпосттар қойылатыны" туралы хабарламаларды таратуда. Бұған дәлел ретінде ақпаратты таратушылар бронетранспортерлерді тасымалдау барысы түсірілген бейнеролик ұсынған. Stop Fake.kz порталы бұл жаңалықты жоққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған видеороликтің шын-өтірігін Қорғаныс министрлігіндегілер айтып берді. Айтуларынша, қазіргі уақытта Алматының айналасында блокпосттар жоқ. Видеоға түсірілген әскери техниканың карантиндік шектеулерге ешқандай қатысы жоқ.

"Бұл 5 тамызда болған. Техниканы Алматыдағы Гвардейск қаласынан жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін әскери бөлімге тұрақты орналастыру орнына алып келді", – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Басылымның хабарлауынша, мұндай фейк ақпараттарды тарату бірінші рет болып отырған жоқ. Қазақстандықтар қалаларды жабу туралы қауесетті бұған дейін де таратқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926339-almatyda-tankterimen-blokposttar-qoiyluda-qorganys-ministrligi-zauap-berdi/

pixel