Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында топтық төбелес болып, бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Жұдырық сермеу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау облысында топтық төбелес болып, оның соңы адам өлімімен аяқталды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Қайғылы оқиға Индер ауданы Есбол ауылының маңында болған. Жастардың төбелесуіне не себеп болғаны белгісіз. Төбелес барысында басынан ауыр жарақат алған 30 жастағы тұрғын аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмған.

Қазір полиция қызметкерлері "Адам өлтіру" бабымен іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіп кеткен. Күдікті ретінде осы ауылдың 28-29 жастағы 4 тұрғыны қамауға алынған.

"Индер ауданында 1991 жылғы азаматтың өліміне қатысты қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 99-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде және осы іске күдікті 4 азамат қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алғанын хабарлаған болатынбыз. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады.

Одан бөлек, Қарағанды облысында ауладағы төбелестен кейін 12 жастағы баланың көз жұмғанын жазған едік.

Полицейлер марқұмның аулада 13 жастағы баламен жанжалдасқанын анықтады. Төбелес болып, марқұм дене жарақатын алған. Болған жайт видеоға түсіп қалып, ол әлеуметтік желіде жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1926364-atyrau-oblysynda-toptyq-tobeles-bolyp-bir-adam-qaza-tapty/

pixel