Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Жарияланған күні:

дерт77
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 7 235 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz. Бұл 8 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда төмен көрсеткіш. 8 тамызда коронавирус жұқтырған 7 671 адам тіркелген еді.

Сонымен өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1161
  • Алматы қаласы - 1486
  • Шымкент қаласы - 570
  • Ақмола облысы - 263
  • Ақтөбе облысы - 223
  • Алматы облысы - 270
  • Атырау облысы - 627
  • Шығыс Қазақстан облысы - 220
  • Жамбыл облысы - 100
  • Батыс Қазақстан облысы - 54
  • Қарағанды облысы - 1061
  • Қостанай облысы - 248
  • Қызылорда облысы - 228
  • Маңғыстау облысы - 177
  • Павлодар облысы - 286
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 156
  • Түркістан облысы - 105.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 649 120-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 7702 адам індеттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 112 474 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 30 972 пациент стационарда, 81 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 966 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 232 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Одан бөлек, еліміздің үш қаласы мен 13 облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл аймақта" тұр. Тек Түркістан облысы ғана "сары" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926373-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-azaidy/