Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина алғаннан кейін әлсіздік нені білдіреді: Дәрігер жауабы

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері вакцина туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кейбір азаматтарда вакцина алғаннан кейін әлсіздік байқалады. Осы орайда дәрігер мұндай әлсіздік екпенің жағымсыз әсері болуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді

"Вакцина салдырғаннан кейін бірнеше күн ішінде әл-ауқаттың нашарлауы қалыпты жағдай. Реакциялар кез келген вакцинаны салғанда пайда болуы мүмкін. Бұл дегеніміз, иммундық жүйе антигенге әсер етіп, вирусқа қарсы антиденелер пайда бола бастады. Барлық адамда вирусқа қарсы иммунитет әртүрлі жолмен қалыптасады.

Мұндай жағымсыз реакциялар вакцинадан кейін байқалады. Көбінесе олар дене температурасының жоғарылауымен, әлсіздікпен немесе инъекция орнының ауырсынумен білінеді. Бұл әсер 1-3 күн аралығында ешқандай емделусіз және қандай да бір салдарсыз өздігінен өтеді. Егер вакцина алғаннан кейін температураңыз қатты жоғарыласа, онда дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз абзал", - дейді ол.

Дәрігер, сонымен қатар антиденесі бар адамдарға екпе алу қаншалықты қажет екендігін сөз етті.

"Жалпы, вакцина салдырмастан бұрын антиденелердің бар-жоғына қан тапсырудың қажеті жоқ. Сондықтан антидене болса да вакцина алу қажет. Адамдар неғұрлым вакцина салдырмаған сайын, вирустың патогендік қасиеттері арта отырып, мутацияға ұшырау мүмкіндігі көбірек болады", - дейді бас дәрігер.

Ол "адамда жүрек ауруына күдік немесе аллергия болса, қандай вакцина алған дұрыс" деген сауалға да жауап берді.

"Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат етілген вакциналардың барлығы тиісті сертификаттаудан өткен. Олар азаматтардың қандай да бір санатына арналмаған. Бұл екпелерді бәріне салуға болады. Ешқандай ерекшелік жоқ. Бірақ егер сізде жүрек ауруына күдік болса және диагнозыңыз әлі қойылмаса, терапевтке тіркелуді, диагностикалық зерттеулерден өтуді және кардиологпен кеңесуді ұсынамын. Содан кейін ғана вакцина алыңыз.

Егер тіркелген болсаңыз және ауруыңыз белгілі болса, онда жағдайыңыз тұрақты деп бағаланады. Сондықтан вакцина алуға еш кедергі жоқ.

Аллергияға қатысты айтар болсақ, ең әуелі біз қандай аллергия туралы айтып отырғанымыздың басын ашып алайық. Өйткені әр аллергияның көріністері әртүрлі. Вакцина алуға абсолютті қарсы көрсетілім - бұл әдетте жоспарлы түрде қойылған алдыңғы екпелерге аллергиялық реакциялардың болуы. Егер маусымдық аллергия болса, онда әрине, тексеру кезінде терапевтке хабарлау қажет. Содан кейін ол сізге вакцина алуға бола ма, жоқ па, соны шешеді", - деп сөзін аяқтады дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926379-antidenesi-barlar-vakcina-ala-ma-dariger-zauaby/

pixel