Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкпе шыдамай "жыртылып жатыр": Дәрігер ел тұрғындары дертті қалай ушықтыратынын айтып берді

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының базасындағы жұқпалы аурулар госпиталінің жансақтау бөлімінің меңгерушісі Павел Останин санитариялық талаптарды елемеу қандай жағдайға жеткізетінін айтып берді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

"Біреу үйінде жағдай әбден ушыққанға дейін жатады, ал енді бірі "індеттен құтылып кетемін" деп ойлайды. Түптеп келгенде жағдай қандай болып жатыр?! Сатурация 40-қа дейін төмендеген, ес-түссіз хәлде түсуде. Оны қалай емдеуге болады? Біз соңына дейін күресеміз, барымызды саламыз. Дәл қазір "жаңа" пациенттер де, біраздан бері ауырып жатқан науқастар да бар. Реанимацияда болудың орташа мерзімі бізде 21 күн. Оң нәтиже беретін максималды уақыт — 50 күн", - дейді дәрігер.

Аталмыш ауруханада бүгінге дейін 1000-нан астам науқас емделіп шыққан. Жазылғандар көбейгенімен медицина қызметкерлеріне артылар жүк азаймай отыр. Мұндағы ең жас науқас 22 жаста. Дәрігер ауруханада жатқан науқастар таза ауада, қиналмай дем алуды армандайтынын айрықша атап өтті.

"Басты проблема — жазда пациенттер көп. Бейтаныс адамдармен байланыс орнату, әлеуметтік тәртіптің жоқтығы айрықша әсер етеді. Жұрт өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанға дейін ауру жайлы ойламайды. Сол сияқты вакцина адамды өлтіреді деп есептейтін антиваксерлер де түсіп жатыр. Ал ӨЖЖ аппаратында жатқанның бәрінің жағдайы бір. Антиваксерлер ауыр күйге түскеннен кейін ғана ақ пен қараның ара жігін ажыратып жатады. Өкпе шыдай алмай, "жыртылып кетіп жатады" деп айтуға болады", - дейді Павел Останин.

Мамандардың пікірінше, бұрын бұл ауру негізінен өкпенің зақымдалуымен ғана шектелсе, қазір пациенттер асқазан-ішек жолдарының, жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шегеді, бұл коронавирустың жаңа штамы – "дельтаға" тән.

Қазір 256 пациент жансақтау бөлімінде, ӨЖЖ-де 43 адам жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926402-okpe-sydamai-zyrtylady-dariger-el-turgyndary-dertti-qalai-usyqtyratynyn-aityp-berdi/

pixel