Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оған үміт артудың қажеті жоқ": Цой Pfizer вакцинасы тек жүкті әйелдер мен балаларға салынатынын айтты

Жарияланған күні:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: instagram.com/alexey_tsoy

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы елге қашан жеткізілетінін және бұл екпе кімдер үшін қолжетімді екенін айтты. Ревакцинация бойынша сұраққа жауап берген министрдің видеосы Coronavirus2020.kz ресми Telegram парақшасында жарияланды.

"Бастапқы кезеңде, яғни, қазан айында вакцина тек жүкті әйелдер мен балаларға ғана қолжетімді болады. Сондықтан ол екпеден үміттене бермей, барып, ертерек вакцина алу қажет. Бір апта көлемінде Қытайдан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған және рұқсат берген тағы бір вакцина келеді. Оны да салдыруға болады", - дейді Цой.

Еске салайық, министр аталмыш вакцина бірінші кезекте балаларға салынатынын осыған дейін де мәлімдеген болатын.

"Бірінші кезекте біз Pfizer вакцинасын 12-18 жастағы балалардың иммунитетін қалыптастыру үшін қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл осы жастағылар үшін қолдануға рұқсат етілген жалғыз вакцина. Статистикаға сүйенсек, бізде осы жастағы балалардың саны екі миллионнан сәл асады", - деген еді Алексей Цой.

Осы орайда, ДСМ басшысы балаларға вакцина салдыру ерікті түрде жүзеге асырылатынын баса айтты.

"Балаларға вакцина тек ата-анасының келісімімен жасалады. Бәрі келісе қоймауы да мүмкін. Егер вакцина артылып қалса, біз оны өзге топтарға да салатын боламыз. Бірақ, ең алдымен, балалар. Олар әзірге қорғансыз. Оларды қазірден қорғау үшін ата-аналары вакцина салдырған абзал", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926432-ogan-umit-artudyn-qazeti-zoq-coi-pfizer-vakcinasy-tek-zukti-aielder-men-balalarga-salynatynyn-aitty/