Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында хиджабтағы қызды зорламақ болған ҰҚК қызметкері 9 жылға сотталды

Опубликовано:

Айя Өмірзақова
Айя Өмірзақова: Instagram

Бүгін Алматы облыстық Қарасай аудандық сотында хиджабтағы қызды зорламақ болған ҰҚК қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қарашасында Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақова әлеуметтік желілер арқылып үндеу жасап, өзін ҰҚК қызметкерінің зорламақ болғанын мәлімдеген еді.

Жәбірленушінің айтуынша, қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні күш құрылымдарының қызметкері оны ұрып-соғып, зорлауға әрекеттенеді.

Қылмысты іс материалдарына сәйкес, бойжеткен кешкісін такси тоқтатып тұрған. Сол кезде ҰҚК қызметкері оны үйіне дейін апарып тастайтынын айтып, көмек қолын созады. Алайда, ол арам ойын жүзеге асырмақ болып, қыз баланы сырттағы егіс алаңына әкеледі. Күдікті қызды тепкінің астына алып, зорламақ болған. Қуанышқа қарай, Айя оның қолынан сытылып шығады. Ол жанталас кезінде жердегі топырақты күдіктінің көзіне шашып, қашып кеткен.

Тергеу кезінде Айяны күдіктінің туыстары түрлі қысымға алғанын да айта кету керек.

"Сот 1989 жылы туған Алматы облыстық ҰҚК департаментінің жедел бөлімшесінде жұмыс істейтін Сабыржан Нарынбаевты кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды", - дейді Қарасай аудандық сотының судьясы Амангелді Махамбетов.

Сондай-ақ, сотталушы ҰҚК капитаны атағынан айырылып, бес жыл көлемінде жауапты қызметтерді атқара алмайды.

"Мен Жанна Уразбахова, Әлия Омарова мен Әлішер Назарбек бастаған ерікті адвокаттар тобына алғыс айтамын. Олардың кәсібилігіне сөз жоқ. Мен сияқты ауыр жағдайға тап болған әрбір қыз баланы соңына дейін күресуге шақырамын. Кей кездері бәрінен түңіліп, кеткен кездер де болды. Бірақ күдіктінің жазасын аларына сендім", - дейді Айя.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926435-almaty-oblysynda-xidzabtagy-qyzdy-zorlamaq-bolgan-uqk-qyzmetkeri-9-zylga-sottaldy/

pixel