Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға Қытайдан жаңа Vero Сell вакцинасы жеткізілді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыға Бейжіңнен Vero Сell вакцинасы жеткізілді. Ертең тағы бір рейс жасау жоспарланып отыр. Жалпы алғанда Қазақстанға препараттың 1 млн дозасы әкелінбек. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Вакцина Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "СҚ-Фармация" тапсырысы бойынша жеткізілген.

Бүгін Алматыға бірінші рейс келген. Вакцина тиелген екінші рейс ертең, 11 тамызда келеді.

Жалпы салмағы 20 тонна болатын медициналық жүк 2 градустан 8 градусқа дейінгі температуралық режимді сақтай отырып, термоконтейнерлерде тасымалданады.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцинаны сатып алатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926468-almatyga-qytaidan-zana-vero-sell-vakcinasy-zetkizildi/

pixel