Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадан келген: Петропавл полицейлері жоғалып кеткен 15 жасар баланы тапты

Опубликовано:

Жоғалған бала табылды
Фото: polisia.kz

Полицейлер Петропавлда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы баланы тапты деп хабарлайды Polisia.kz.

9 тамыз күні сағат 07:11-де Петропавл қалалық Полиция басқармасына түнде 15 жастағы ер баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

15 жастағы Алмасхан Үсенбаев өгей әкесінің шаруасына көмектескеннен кейін жоғалып кеткен. Отбасының астанадан Петропавлға көшіп келгеніне екі аптадай болыпты.

Жасөспірімді іздеуге ювеналдық полиция бөлімінің жеке құрамы түгел, криминалдық полицияның жедел уәкілдері, еріктілер жұмылдырылды. Танымал қалалық пабликтердің әкімгерлері де іздеуге өз еріктерімен қосылды, олар Instagram және ВКонтакте ленталарында фотобағдарлар жариялады.

Нәтижесінде бүгін 15:30-да бала криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері – бөлімше бастығы полиция капитаны Жаслан Балдиков және аға жедел уәкілдер полиция капитандары Айбек Байқадамов, Ризабек Өтебаевпен аман-есен табылды.

Бала жоғалған жерге жақын орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің подъезінен табылды. Барлық мән-жайды анықтау және профилактикалық әңгіме жүргізу үшін жасөспірім заңды өкілдерімен бірге ювеналдық полиция бөлімшесіне жеткізілді. СҚО-да жыл басынан полицейлер із-түзсіз жоғалған 70 жасөспірімді іздеп тапты. Көбіне "кезекші тәулікте" іздеп табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926474-astanadan-kelgen-petropavl-policeileri-zogalyp-ketken-15-zasar-balany-tapty/

pixel