RU

Тоқаев: Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда сол кездегі Семей облысы Қарқаралыда дүниеге келген. Ол қазақтың ұлы ақыны, композитор, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, аудармашы. Биыл ақынның туғанына 176 жыл.

Айта кетейік, 2020 жылдың 5 тамызында үкімет қаулысымен Қазақстанда Абай күні жаңа мереке болып бекітілді. Қазақстандықтар жыл сайын 10 тамызда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының күнін атап өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926485-memleket-bassysy-abai-sygarmalaryn-elimizde-gana-emes-setelde-de-nasixattauymyz-kerek/