Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Имам: Індетті басқа адамға әдейі жұқтырғандар күнә арқалайды

Опубликовано:

Емделу
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов "қауіпті дертті басқа адамдарға жұқтырғандар күнә арқалайды" деген пікірде. Бұл туралы дін қызметкері Отырар арнасына айтып берді.

Оның сөзінше, кез келген адам вакцина алмай жұқпалы ауруды әдейі өзгеге жұқтырса және сақтық шараларына қарсы жұмыс істесе күнә алады.

Сонымен қатар, Бақдәулет Абдрахманов ислам дінінде екпе жасауға тыйым салынбағанын жеткізді.

Сондықтан ол тұрғындарды өз өмірі мен денсаулығына дұрыс күтім жасауға және ауру-сырқаттан емделудің алдын-алу жолдарын іздеуге шақырды.

"Кімде-кім бір адамның ауруына, дүниеден өтуіне себепкер болатын болса, бүкіл адамзатты өлтіргеннің күнәсін арқалайды. Адамзат деген Адам ата жаратылғаннан бастап дүниеде ең соңғы қанша адам болады, сол адамның барлығының өлтіргеннің күнәсін алады деген. Өзі вакцина алмай өзгеге жұқтырып әдейі соған қарсы жұмыс істеп, сондай тірліктер істейтін болса, әрине сол күнәні алады", деді Шымкент қаласының бас имамы.

Бас имам алдын-алу мақсатында вакциналау – мүбах, яғни рұқсат екенін тағы да қайталап өтті. Алайда, бұндай вакциналау әрбір азаматтың келісімі бойынша орындалуы тиіс, деген пікірде.

Одан бөлек, Бақдәулет Абдрахманов медициналық білімі жоқ адамның вакцина зиян деп жалған ақпарат таратуы да күнә екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926506-imam-indetti-basqa-adamga-adeii-zuqtyrgandar-kuna-arqalaidy/

pixel