RU

Қазақстан мен Моңғолия арасында арнайы әуе рейстері қатынайды

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Отанына оралғысы келетін Моңғолия азаматтары репатриациялық рейстерді пайдалана алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі мен "HunnuAir" авиакомпаниясы 14 тамызда Ұлан-Батор - Нұр-Сұлтан - Ұлан-Батор және 2021 жылы 19 тамызда Ұлан-Батор - Алматы - Ұлан-Батор бағытында арнайы рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

"Жоғарыда көрсетілген арнайы рейстер Моңғолияға оралғысы келетін Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Моңғолия азаматтарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қабылдауға дайын", делніген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстанға көші-қон заңнамасын бұза отырып келген Моңғолия азаматтары да репатриациялық рейстермен өз отанына орала алады.

Бұл үшін олар Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына Қарасай батыр көшесі, 109а мекенжайы бойынша хабарласуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926518-qazaqstan-men-mongoliya-arasynda-arnaiy-aue-reisteri-qatynaidy/