Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 қыркүйектен бастап алматылықтардың вакцинация статусы тексерілмек

Опубликовано:

ашық жобасы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда 1 қыркүйектен бастап кәсіпорын қызметкерлерінің коронавирусқа қарсы екпе алғанын тексере бастайды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тексеру жұмыстары 1 қыркүйектен басталады. Оған дейін тексеру алгоритмі анықталады", – деді Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

ҚР бас мемлекеттік сандәрігердің 2021 жылдың 14 шілдесіндегі қаулысына сәйкес, вакциналау мерзімі анықталды: 2021 жылдың 10 тамызына дейін – профилактикалық екпенің бірінші дозасын алу, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін – екінші дозасын алу керек (оған медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар мен соңғы 3 айда коронавируспен ауырып шыққандар кірмейді).

"Демек, қызметкерлердің толықтай вакцина алғанын осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тексеруі мүмкін", – деп нақтылады ведомстводан.

Бұған дейін Қазақстанда міндетті вакцина алу мерзімін ұзартуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін 10 тамыздан бастап ел өңірлерінде жұмыскерлердің коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаны, не алмағаны жөнінде мәліметтер тексеріле бастайтыны хабарланған болатын.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласының мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде қаланың кәсіпкерлік нысандарында карантин талаптарының сақталуын тексеруде.

Күн сайын ондаған мекемеде шектеу шаралары бұзылғаны анықталады. Әдетте, олардың саны демалыс күндері тіптен артып кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926535-1-qyrkuiekten-bastap-almatylyqtardyn-vakcinaciya-statusy-tekserilmek/

pixel