Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртынан несие рәсімдеген: Ақтөбеде банк менеджері тұрғынды қарызға батырды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны банктен несие бойынша мерзімі өткен төлемдер туралы хабарлама алғаннан кейін полицияға жүгінген. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оны қарызға батырған банк қызметкерлерінің бірі жасағанын анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы наурыз айында 28 жастағы кредиттік кеңесші ұялы телефон сататын дүкенде бола тұра, жәбірленушіге алдау жолымен тауар кредитін ресімдеген.

Күдікті өз кінәсін мойындапты. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Егер сізге несие рәсімделген болса, бірінші кезекте полицияға жүгіну керек. Екіншіден, несие рәсімдеген қаржы ұйымына өтініш жазу керек. Онда сіз ақша алмағаныңызды, қаражаттан бас тартқаныңызды және ішкі тергеу жүргізуді сұрағаныңызды көрсетуіңіз қажет", – деп түсіндірді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926542-syrtynan-nesie-rasimdegen-aqtobede-bank-menedzeri-turgyndy-qaryzga-batyrdy/

pixel