290 500 теңге иемденген: Таразда жиырма бір жастағы алаяқ қыз ұсталды
Опубликовано:

Тараз қаласының полицейлері 21 жастағы алаяқ қызды қолға түсірді деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны - 44 жастағы әйел адам хабарласып, белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, автокөлігіне 290 500 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтып, сеніміне кіріп, алдау жолымен ақша аудартып алғанын айтып шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті ару өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926546-290-500-tenge-iemdengen-tarazda-ziyrma-bir-zastagy-alayaq-qyz-ustaldy/