Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнеткерге міндеттеп әтір сатқан Қазпошта қызметкерінің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында зейнеткерге әтір сатқан пошта қызметкерінің басы бәлеге қалды деп хабарлайды 31 арна.

Маманның поштаға зейнетақысын алуға келген қарияны пайдаланып, саудасын жүргізгені белгілі болды.

Зейнеткердің сөзінше, ол әтірді 3500 теңгеге сатып алған. Алайда қызы бұл затты пошта қызметкеріне апарып беріп, ақшасын кері қайтарып алған.

Ал бұл жағдайға қатысты пікір білдірген Еңбекшіқазақ аудандық әкімдік өкілдері қарияның әтірді өз еркімен сатып алғанын айтып отыр.

Сонымен қатар пошта қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті.

Шенеуніктер, олар енді келушілерге түрлі заттар ұсынып, бастарын қатырмайды деп сендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926575-zeinetkerge-mindettep-atir-satqan-qazposta-qyzmetkerinin-basy-balege-qaldy/

pixel