Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы көшелердің бірі Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін (видео)

Опубликовано:

Көше
Кадр: "Хабар 24"

Петропавлдағы Конституция көшесі Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін деп хабарлайды "Хабар 24".

Әлемдегі жаяу жүргіншіге арналған ең ұзын көшеге жергілікті қоғамдық ұйым өкілдері назар аударып отыр. Бүгінде бұл атақ Копенгагеннің Строгет сауда алаңына тиесілі. Оның ұзындығы 1800 метр шамасында.

Ал Солтүстік Қазақстан орталығындағы көшенің ұзындығы 2 шақырымға жуық. Өңір белсенділерінің пайымынша, жергілікті Арбатты Гиннес рекордтар кітабына енгізу туристер санын да арттыруы тиіс.

"Бұл мәселені көтергенімде әріптестерім қолдап, жергілікті атқарушы билік өкілдеріне Гиннестің рекордтар кітабына өтінім білдіру керек деп хат жолдадық. Егер біздің қаламыздағы Қазақстан Конституциясы көшесі мұндай халықаралық деңгейде мойындалатын болса, бұл өзіндік ерекшелік болар еді. Туристер де қызығып, әлемдегі ең ұзын жаяу жүргінші көшесін мүмкін іздеп келер", - дейді қоғамдық кеңес мүшесі Сайран Хамзин.

Еске салсақ, бұған дейін жалғыз үй ғана сыятын "арал" Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы жазған едік.

Одан бөлек, ұзындығы 7 метр болатын фата таққан қалыңдық рекорд орнатқаны туралы жазған болатынбыз.

"Ең ұзын фата таққан қалыңдық ретінде Гиннестің рекордын жаңартуды бала кезімнен армандап келдім. Маған шамамен алты сағат пен 30 еріктінің көмегі қажет болды. Олар фатаны ұзынынан жазып қоюға көмектесті", - дейді рекорд орнатқан қалыңдық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926577-petropavldagy-koselerdin-biri-ginnestin-rekordtar-kitabyna-enui-mumkin-video/

pixel