RU

Атырауда жас жігіттің әйел адамды тонаған сәті бейнекамераға түсіп қалған

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Polisia.kz

Атырауда әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесін тартып алған күдікті ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда 26 жастағы жігіт 45 жастағы әйелге күш көрсетіп, сөмкесін тартып алған. Сонымен қатар, жәбірленушінің ұялы телефонын сындырғаны да хабарланды.

Басылым мәліметінше, әйелдің сөмкесінде 60 мың теңге болған.

Полиция тергеу барысында 45 жастағы келіншек пен күдікті бір-бірін танымаса да, Вокзал маңы ықшам ауданынан Нұрсая ықшам ауданына бірігіп, такси жалдап келгендігін анықтады.

Сөмкеде ақша барын байқаған жігіт әйел адаммен қатарласып түсіп, ойын іске асырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда тәртіп сақшылары қылмыскерді ізін суытпай тауып, қолға түсірді.

Одан бөлек, күдіктінің келекшектің сөмкесін күштеп тартып алған сәті бейнекамераға жазылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта атыраулық полицейлер аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2 бөлігі, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926590-atyrauda-zas-zigittin-aiel-adamdy-tonagan-sati-beinekameraga-tusip-qalgan/