Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Пәтер алып беремін”: Алаяққа сенген қызылордалық 900​ мың теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: polisia.kz

Алаяққа сенген қызылордалық 920​ мың теңгесінен айырылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында “мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін” деген қала тұрғынын алдап-соққан 30 жастағы ер адам анықталды. Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны арнайы арыз түсірген.

Ол мемлекеттік бағдарламамен сол жағалауда жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінен пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 920 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген азаматқа қатысты заңды шара қолдануын сұраған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осыған дейін Тараз қаласының полицейлері 21 жастағы алаяқ қызды қолға түсіргенін жазған едік.

Қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны - 44 жастағы әйел адам хабарласып, белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, автокөлігіне 290 500 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтып, сеніміне кіріп, алдау жолымен ақша аудартып алғанын айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады.

Күдікті ару өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926600-pater-alyp-beremin-alayaqqa-sengen-qyzylordalyq-900-myn-tengesinen-aiyryldy/

pixel