Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да түрме аумағына телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: acca.media

Шығыс Қазақстан облысында түзету мекемесінің аумағына ұялы телефондар мен сим-карталардың партиясын лақтырмақ болған ер адам ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 156/2 түзету мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды кіргізу әрекетінің алдын алды.

Өскемен қаласының тұрғыны колония қоршауынан таспаға оралған қорапты лақтырмақ болған. Заңсыз әрекетті мекеме қызметкерлері байқап қалды. Ер адам мекеме маңынан ұсталды. Өз сөзінде ол қоршау бойымен кешкі серуенге шыққанын алға тартқан.

"Тексеру кезінде қораптан екі смартфон мен сим-карталар табылып, тәркіленді. Ер адам тыйым салынған заттарды сотталған танысына лақтырмақ болғанын мойындады. 23 жастағы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", - деді ОВ 156/2 мекемесінің басшысы Еркін Кабин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926601-sqo-da-turme-aumagyna-telefon-laqtyrmaq-bolgan-er-adam-ustaldy/

pixel