Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ер адам дүкеннен 500 теңге салынған қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті

Опубликовано:

Ұрлау фактісі
Видеодан кадр: Павлодар облыстық ПД

Павлодарда ер адам дүкеннен қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде павлодарлық пабликтердің бірінде ер адамның қайырымдылыққа жиналған қаражаты бар жәшікті ұрлағаны туралы бейнежазба анықталды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында павлодарлық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен белгілі тұрғылықты жері жоқ 43 жастағы ер адамды ұстады.

Көп ұзамай Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі дүкендердің бірінде күдікті өз әрекетін ешкім бақыламаған сәтін пайдаланып, жәшікті ұрлап кеткені анықталды. Жәшікте 500 теңге ақша болған",-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұрлық фактісі бейнебақылау камераларына тіркелді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926603-pavlodarda-er-adam-500-tenge-salyngan-qaiyrymdylyq-zasigin-urlap-ketti-video/

pixel