Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады

Опубликовано:

Әсет Ерғалиев
Әсет Ерғалиев. Фото: Egemen.kz

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады.

Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектордағы динамикалық және тұрақты өсу, қызмет көрсету секторындағы динамиканың жеделдеуі, өндіруші емес секторлардағы инвестицияның жоғары өсуі, сауда балансының оң сальдосының сақталуы байқалуда. Нақты сектор экономиканың орнықты даму факторы болып отыр. Осы жылдың қаңтар-шілдесінде нақты сектордағы өсім 3,6 пайызға дейін жеделдеді", - деді министр.

Оның айтуынша, іскерлік белсенділік қызмет көрсету саласында 2 %-ға дейін өсті.

Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау жоғары өсім көрсетуде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында да жақсы өсім байқалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926606-qazaqstan-ekonomikasynyn-osu-qarqyny-27-paiyzdy-qurady/

pixel