RU

25 пайыз тез жұғады: Нью-Йоркте коронавирустың жаңа штамы анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асып кетті
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Нью-Йорк қаласында коронавирустың жаңа "йота" штамы анықталды деп хабарлайды Москва24.

Бұл туралы Орал федералды округігің ДСМ медициналық алдын-алу жөніндегі штаттан тыс бас маманы Сергей Токарев мәлімдеді.

"Ол 82 пайыз өлім-жітімге әкеп соғады. Әсіресе, 45 жастан асқандарға қауіпті. Басқа штамдардан 25 пайыз тез жұғады",- деді Токарев.

Өз кезегінде иммунолог Николай Крючков "йота" штамы жайында ақпарат әзірге аз екенін мәлімдеді. Сол себепті бұл мутация туралы болжам жасау әзірге ерте, дейді ол.

"Нақты болжамды тек біршама уақыттан соң, оның үлесі тез арта бастағанда айта аламын. Егер көбейіп жатса, демек басқа штамдармен бәсекелес болатын эволюциялық басымдығы бар деген сөз",- деді маман.

Айта кетейік, еліміздің денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.

11 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926613-25-paiyz-tez-zugady-nyu-iorkte-koronavirustyn-zana-stamy-anyqtaldy/