Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 154 адам көз жұмды

Опубликовано:

медицина қызметкерлері
Көрнекі фото: ria.ru

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram арнасында 9 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қанша адамның көз жұмғанын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, COVID-19-дан тағы 130 қазақстандық көз жұмған. Сонымен қатар, КВИ белгілері бар пневмонияның 24 адамның өмірін жалмағаны белгілі болды.

Одан бөлек, 9 тамызда вирустық пневмонияның 588 жаңа жағдайы тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған 11 тамыздағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 112 843 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 30 181 пациент стационарда, 82 662 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 808 адамның жағдайы ауыр,
  • 451 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 215 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926617-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-tagy-154-adam-koz-zumdy/

pixel