Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты Токиода жүлде алған Нұрислам Санаевқа қымбат көлік мінгізді

Опубликовано:

Нурислам Санаев
Нурислам Санаев. Фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев елге оралды. Танымал балуанға спорттағы жанашырлары қымбат көлік сыйға тартқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, қазақстандық балуан еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Бұл отандық еркін күрес шеберлерінің еншісіндегі жалғыз медаль. Токиға аттанған бес спортшының арасынан Нұрислам Санаев қана жүлдеге қол жеткізді.

Балуанды жерлестері сыйсыз қалдырған жоқ. Спортшыны әуежайдан Мұхамеджан Тазабек бастаған танымал тұлғалар күтіп алды. Сондай-ақ, олар мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның атынан балуанға қымбат көлік сыйлады.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов мәлімдеді.

"Елім дейтін ер болса, ерім дейтін ел болар". Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев елге оралған сәтте Алматы әуежайынан жанашыр ағалары күтіп алып, Бекболат Тілеухан ағамыз сыйлаған су жаңа автокөліктің кілтін табыстады", - деп жазды Жабасов.

Токио Олимпиадасының жүлдегерлерінің барлығы дерлік көлік мінді. Шымкентте Софья Берульцева мен Дархан Асаділовке, Түркістан облысында Сәкен Бибосыновқа жерлестір автокөлік тарту етті. Ал төрешілердің қателігінен жеңіліске ұшыраған жамбылдық балуан Әлішер Ерғалиге әкесі қымбат көлік сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926641-mazilis-deputaty-bekbolat-tileuxan-tokioda-zulde-algan-nurislam-sanaevqa-qymbat-kolik-mingizdi-video/

pixel