Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа оқу жылында кімдер онлайн форматта оқуы мүмкін

Опубликовано:

сынып
Фото: Sputnik / Стрингер

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елімізде жаңа оқу жылында кімдер онлайн форматта оқуы мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алексей Цой жаңа оқу жылында білім беру мекемелеріне қатысты жаңа санитарлық ережелері бекітілгенін айтты.

Құжатқа сәйкес, қашықтан оқытуға ауыстыру мектепте санитарлық-эпидемиологиялық режимнің бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ жақын байланыста болған тұлғалардың санына қарай сараланып, жүзеге асырылатын болады.

Министрдің сөзінше, вакцинацияланбаған студенттер онлайн оқытуға ауыстырылады.

Сонымен қатар, бұдан былай оқу мекемелеріне, кітапханалар мен жатақханаларға кірерде Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болып табылады.

Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды сақтау шарт. Бұл педагог, қызметкерлер мен ата-аналар арасында инфекция жұқтырғандарды, вакцинацияланбағандар мен байланыста болғандарды бақылау үшін қажет көрінеді.

Алексей Цой педагогтар мен мектептегі қызметкерлерді вакцинациялау аяқталуға жақын деп отыр. Енді 18 жастан асқан студенттерге екпе салу басталды, дейді ол.

Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар құрамымен аймақтық департаменттер жаңа оқу жылының қарсаңында мектептердің дайындығына мониторинг жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926657-qazaqstanda-zana-oqu-zylynda-kimder-onlain-formatta-oquy-mumkin/

pixel