Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даниал Ахметов полиция бөлімін жөндеуге миллиондаған қаржы жұмсалғанына ашуланды

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Катонқарағай өңірінде болып, онда түрлі нысандардың құрылыс барысын тексерді. Мұнда ол полиция бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына жоспарланған қаражаттың айтарлықтай жоғары екеніне назар аударды. Бұл туралы аймақ басшысы Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

"Бүгін Катонқарағай ауданына барып, ондағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды салу, жөндеу және жаңарту жұмыстарының барысын қадағаладым. Сондай-ақ, жылыту қазандығы мен полиция бөлімінің ғимаратын жаңарту жоспарларымен таныстым", – деп жазды Даниал Ахметов.

Айтуынша, құрылыс жұмыстарына жоспарланған қаражат көлемі айтарлықтай артық, оған қоса бұл мәселені қайта қарау керектігін қоса кетті.⠀

"1970 жылы салынған полиция бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу керек. Бірақ бұл үшін қажет деген 120 млн теңге негізсіз әрі артық қаржы. Бюджетті қайта қарап, сомасын 2,5 есе қысқарту керек болады.

Сол сияқты, қазір көптеген аудандарда құрылысы жүріп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу тәсілдерін қайта қарау керек. Әр қайсысына жеке жобалық-сметалық құжаттама әзірлеудің қажеті жоқ деп санаймын. Типтік нысандарды салған дұрыс болады. Катонқарағай ауылындағы кешенді құрылысшылар қараша айында тапсырамыз деп уәде берді. Мұндағы жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп келеді", – делінген аймақ басшысының жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926665-danial-axmetov-policiya-bolimin-zondeuge-milliondagan-qarzy-zumsalganyna-asulandy/

pixel