Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің 5 қаласында вакцина паспортын сатқандар ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында жалған вакцина паспортын сатқандарды анықтады деп хабарлайды Қазақпарат.

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, қолға түскендер жалған вакцинация паспорттарын 5 000-нан 30 000 теңгеге аралығында сатқан.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 385-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша 7 сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталды. Яғни, жалған құжаттарды қолдан жасау.

Қазіргі уақытта олардың атына жалған вакцинация паспорттары берілген 37 азамат, сонымен қатар жалған құжат жасауға қатысы бар 12 адам, оның ішінде 8 медицина қызметкері анықталғаны белгілі болды.

Ведомство сонымен қатар басқа күдікті тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға жалған вакцинация паспорттарын пайдаланғаны үшін 160 АЕК (467 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынатынын, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынатынын еске салады.

Паспортты тікелей қолдан жасаған адамдарға, оның ішінде медицина қызметкерлеріне қатаң жаза қарастырылған. Оларға 2000 АЕК (5,8 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926668-elimizdin-5-qalasynda-vakcina-pasportyn-satqandar-ustaldy/

pixel