Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жатақханаға коронавирусқа қарсы вакцина салдырған студенттер ғана орналасады

Опубликовано:

студенттер11
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой колледждер мен университеттерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру жайында айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жоғары оқу орындары мен колледждерді дәстүрлі оқу форматына көшіру үшін оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшылары 100 пайыз вакцина алуы қажет. 18 жасқа толған студенттердің бәрі вакцина алуға тиіс", - дейді Цой үкімет отырысында.

Министрдің баяндамасы кезінде барлық санитарлық талаптың слайдтары да көрсетілді. Санитарлық талапқа сәйкес, жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады. Ал екпе салдырмағандар онлайн оқыту форматына ауыстырылады.

"Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде "Ashyq" қосымшасы болады. Бұдан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сондай-ақ, дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс", - дейді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, мониторингтік топ колледждер мен университеттерде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Сол үшін топ мүшелерінің құзіреті кеңейтіледі.

Олар оқу орындарына, соның ішінде асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, карантиндік шараларды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926669-zataqxanaga-tek-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgan-studentter-gana-ornalasady/

pixel