RU

Павлодарда екі млн теңгесін қайда қойғанын білмеген тұрғын полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Пәтер25
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда әйел адам пәтерін жөндегеннен кейін екі миллион теңгесін таба алмай қалған. Осыдан кейін ол көмекке тәртіп сақшыларын шақырған деп жазады Pavlodarnews.kz.

Басылымның жазуынша, тұрғын Вера Николаева пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жұмысшылар кеткен соң 2 млн теңгесінің жоғалғанын анықтаған. Жоғалған қаржыны таппаған соң полицияға ақшасының ұрланғанын айтып, арыз жазған.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы келіп, пәтерді тексеру кезінде жоғалған ақша мен құжаттарды үйдің ішінен тауып алған.

"Мен әдеттегі жерден ақшаны таба алмаған соң қобалжыдым, өзім ақшаны қайда қойғанымды ұмытып қалыппын. Басшылықтан көмек көрсеткен қызметкерлердің еңбегі мен біліктіліктерін атап өтуді сұраймын, оларға деген алғысым шексіз", - де"ді Вера Николаевна.

Ол Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына алғыс хат  жолдаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда ер адам дүкеннен 500 теңге салынған қайырымдылық жәшігін ұрлап кеткенін жазған едік.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде пабликтердің бірінде ер адамның қайырымдылық жәшігін ұрлаған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында павлодарлық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926703-pavlodarda-eki-mln-tengesin-qaida-qoiganyn-bilmegen-turgyn-policeiler-ayagynan-tik-turgyzdy/