Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жол апатынан үш бойжеткен көз жұмып, тағы төрт адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: instagram.com/kokshetaulive

Ақмола облысында Макинск автобаны маңында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі автокөлік соқтығысып, оқиға орнында үш қыз көз жұмды. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 9 тамызда сағат 12:10-да Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолының 179-шақырымында болған.

Skoda көлігімен елордадан Көкшетауға қарай бағыт алған 43 жастағы жүргізуші арақашықтықты сақтамай, жолай кетіп бара жатқан "ЗАЗ Шанс" автокөлігімен соқтығысқан. Көлікті Нұр-Сұлтанның 23 жастағы тұрғыны басқарған.

Жол апаты салдарынан "ЗАЗ Шанста" отырған жолаушылар, атап айтқанда 24, 27 және 29 жастағы қыздар оқиға орнында қайтыс болған.

"ЗАЗ" көлігінің жүргізушісі және 23 жастағы жолаушысы, сондай-ақ Skoda көлігінің 18-19 жастағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

"Skoda жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір бала мен төрт ересек адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған еді.

Қазіргі уақытта факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926719-aqmola-oblysynda-zol-apatynan-us-boizetken-koz-zumyp-tagy-tort-adam-auruxanaga-tusti/

pixel