RU

Синоптиктер бірқатар өңірде дауылдық ескерту жариялады

Найзағай
Көрнекі фото: pexels.com

12 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктерінің болжамынша, 12 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ, тұман түседі. Солтүстіктен жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында да 12 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

12-13 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай болып, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

12 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтiледі. Облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Үржар, Жарма аударында өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында да солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғып, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Өңірде өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с дейін жетуі ықимал. Кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Ал батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Павлодар қаласында найзағай күтіледі, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Ақтөбе облысын да солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші 18 м/с дейін жетеді деп күтілуде. Облыстың кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Қостанай қаласында күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

12 тамызда күндізгі уақытта Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Кей жерлерде өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде. Өңірде өрт қаупі сақталады.

12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және күндік кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

12 тамызда Петропавл қаласында түнде найзағай ойнап, күші 15-20 м/с дейін жететін солтүстік-шығыстан жел тұруы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926721-dauyl-turyp-bursaq-zauady-sinoptikter-birqatar-onirde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/