RU

АШМ азаматтарды құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге көмектесуге шақырды

Жылқы
Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі ресми сайтында қазақстандықтарға үндеу жасап, құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге қайырымдылық көмек көрсетуге шақырды.

Ведомство ауа райының қолайсыздығынан Қазақстанның көптеген өңірінде құрғақшылық болғанын атап өтті. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шеккен.

Осы ретте үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатқаны, ел бойынша еріктілер де үлес қосып жатқаны атап өтілді.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын арнайы ашылған шотқа аударған.

"Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады", - делінген хабарламада. РЕКВИЗИТТЕР (төлемде құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қаражатын көрсету міндетті):

Есепшоты: KZT / KZ71998PTB0001042659, Коды: 18 (КБЕ), БСН: 061040004608, Атауы: "Казимпэкс-Ақтау" Қоры.

БАНК: "First Heartland Jusan Bank" АҚ Маңғыстау_ филиалы, БИК TSESKZKA, Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 "А" үй. БАНК БСН: 060141000980

Жедел бөлімшенің басшысы / ҚҰ: Исатаева Жайнагүл Мақсұдқызы, тел.87292 301303 іш.1038

Банктің жауапты қызметкері: Бимұхамбетова Ақмарал Ахметқызы, тел.+ 7 (7292) 301-303 іш.1023

Қордың басшысы: Мамашұлы Дайрабай, тел. +7 771 221 2222.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстауда аштан өліп жатқан жылқылардың фотосы желіде пайда болған еді. Жергілікті тұрғынның сөзінше, биыл жазық далада жауын-шашын болмағандықтан, бәрі қурап қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926732-asm-azamattardy-qurgaqsylyqtan-zardap-sekken-onirlerge-komektesuge-saqyrdy/