Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында полковник отырған көлікке оқ ату оқиғасына қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

Оқ атылған көлік
Оқ атылған көлік. Фото: time.kz

Полиция қызметкерлері Алматы облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полковник Ержан Оразбековты өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық тергеудің барысы туралы баяндады. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта күдіктілердің үшеуі де ұсталған, олардың арасында бұрынғы полицей де бар деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қылмысқа күдікті үш ер адам ұсталған, олардың екеуі орындаушы, біреуі – ұйымдастырушы.

Ал сол кезде оқ атылған көліктің салонында жоғары шенді екі полиция қызметкері отырған.

"Бүгінгі таңда бұл қылмысқа қатысы бар барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабын (өлтіруге оқталу) қолдана отырып, 99-баптың 2-бөлігі 1, 2, 7, 8-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың бірі қылмысты ұйымдастырды (қылмыстық кодестің 28-бабы, 3-бөлігі бойынша) деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта барлығы Алматы облыстық тергеу изоляторында қамауда.

Күдіктілердің бірі полиция қызметкері болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты айтсақ, біз ұсталған адамның құқық қорғау органының қызметкері емес екенін атап өткіміз келеді, себебі ол бұрын теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған", – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 26 маусым күні Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары отырған көлікке оқ атылды. Оқиға Алматы-Талдықорған жолындағы Арқарлы асуының маңында болған.

Кейін полиция бір күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926747-almaty-oblysynda-polkovnik-otyrgan-kolikke-oq-atu-oqigasyna-qatysty-zana-derekter-syqty/

pixel