Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада коронавирус жұқтырған жеті баланың жағдайы ауыр

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында 74 бала коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 7 баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ересектерден бөлек коронавирус ауруы балалардың арасында да кезедеседі. Қазіргі таңда елордада 74 бала стационарда ем қабылдап жатыр, оның ішінде 7 баланың жағдайы ауыр. Өткен тәулікте 12 бала ауруханаға түсті. Одан бөлек, 834 бала амбулаторлы түрде ем алып жатыр", - дейді Тимур Мұратов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының мәліметінше, елордада жыл басынан бері коронавируспен 10 мыңнан астам бала ауырып шыққан.

"Әсіресе вирус жұқтырушылар жаз мезгілінде өсіп отыр. Маусым айынан бастап балалар вирустың айқын клиникалық белгілерімен түсе бастады. Бұл улану, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, катаральды көріністер де болуы мүмкін. Балалардың отбасындағы екпе алмаған адамдармен байланыстан соң ауыра бастағандығын атап өткім келеді. Яғни вакцина алмаған азаматтар вирусты өз балалары мен жақындарына жұқтырады", - дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы екпе салдырған қанша астаналықтың қайтыс болғанын айтқан еді.

"Жыл басынан бері коронавирустан 1081 адам қайтыс болды. Олардың 23-і – вакцина салдырғандар", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926750-elordada-koronavirus-zuqtyrgan-zeti-balanyn-zagdaiy-auyr/

pixel