Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табиғаты көздің жауын алатын Алтай аймағындағы жайлау жайлы не білеміз

Опубликовано:

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Қытайдың Алтай аймағында табиғаты әсем Торғайты жайлауы бар. Жаз айларында түрленіп, өзгеше түске енетін жайлаудың суреттерін "Ағажай-Алтай ақпарат" сайты жария етті деп жазады ҚазАқпарат.

"Көркі көз арбаған Торғайтының шөбі шүйгін, тауы жасыл, мөлдір сулы, таза ауасы жанға жайлы мекен. Көз жетер маңда, таудың бел жотасына тұман шөгіп, табиғаттың жарасымдылығын әйгілейді. Кілемнің түгіндей көгала майсаң төсінде қоралы қой, табынды сиыр жайылып, тынысты тіршілікті аңғартады. Жолыңыз түсіп Торғайты жайлауына барсаңыз, табиғаттың сұлу сипатына еріксіз таңдай қағасыз", - деп жазады "Ағажай-Алтай ақпарат" сайты.

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Басылымның жазуынша, Алтай аймағындағы өлкетанушылардың дерегінше, ХIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Қытайдың Алтай өңірінде Торғайты атты әулие өмір сүрген.

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Алтайдың аң мен құсымен тілдесіп, аюын мініп, құпия үңгірлерін мекендеген әулие туралы ел арасында тараған аңыздар көп екен. Бұл аңыздардың дені Торғайты әулиенің көзін көрген көне көз қариялардың ауызынан жазылып алынғанымен құнды болса керек.

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Бүгінгі таңда Алтайда әулиенің атымен аталған "Торғайты" жайлауы және ол кісі мекендеген "Торғайты үңгірі" бар.

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Аңыздарға сенсек, Торғайты елден оңаша, диуаналық өмір кешкен. Ел қыстауға түскенде ол жайлауға, ел жайлауға көшкенде ол қыстауға түсетін болыпты. Алтайда қазіргі күнге дейін жұрт Торғайтының үңгіріне келіп, бұта-бүргенге ақ зат байлап, арасанға түсіп, үңгірге кіріп әулие рухын зиярат етеді екен.

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Торғайты
Фото: kazakh.altxw.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926784-altaidyn-an-men-qusymen-tildese-bilgen-torgaity-aulienin-zailauy-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel