Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жансақтау бөліміне түскен әйел вакцинация паспортын сатып алғанын мойындады

Опубликовано:

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодарда жансақтау бөліміне түскен әйел вакцинация паспортын сатып алғанын айтты. Қазір коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылған пациент ауыр жағдайда, өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдегі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 60 жастан асқан пациент Павлодарда тұрады. Ол дәрігерлерге жалған вакцинация паспортын облыс аумағынан тыс жерде жасатқанын айтқан.

"Жалған паспорт алған. Өзі айтты және оның туыстары да жалған паспорт сатып алғанын мойындады. Ауру жұқтырған. Қазіргі уақытта науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, ауруы ауыр өтуде", - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов.

Ведомствоның мәлімтінше, бүгінде өңірде 115 адам жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Тамыз айыны басынын бері коронавирус жұқтырған созылмалы аурулары бар 47 науқас көз жұмған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында жалған вакцина паспортын сатқандарды анықтағанын жазған едік.

Олар жалған вакцинация паспорттарын 5 000-нан 30 000 теңгеге аралығында сатқан.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 385-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша 7 сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926868-pavlodarda-zansaqtau-bolimine-tusken-aiel-vakcinaciya-pasportyn-satyp-alganyn-moiyndady/

pixel