Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Футболка киюге болмайды": Алматы білім басқармасы мектепте қандай киім кию керектігін айтты

Жарияланған күні:

оқу
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болуы керегін жеткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, биыл балаларға мектеп формасын ғана емес, ата-ана жағдайы болмаса классикалық үлгіде киінуге рұқсат берілген.

"Мектеп формасы бойынша, ең бастысы ұқыпты классикалық киім кисе болғаны. Шалбар қара-қоңыр, жейде ашық түсті. Футболка киюге болмайды. Тек жейде кию қажет. Аяқкиімге тыйым жоқ. Балаға туфли алуға ата-ананың жағдайы болмаса, бала кеды немесе мокасинмен жүре алады", - деді Ләззат Жылқыбаева.

Айта кетейік, оңтүстік астанада 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, 71-і жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектептің 1 қыркүйекте ашылатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926881-futbolka-kiyuge-bolmaidy-almaty-bilim-basqarmasy-mektepte-qandai-kiim-kiyu-kerektigin-aitty/