Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа туған сәби коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан педиатрлар қоғамдастығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Сағира Әбдірахманова елімізде коронавирустан қайтыс болған нәресте туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сағира Әбдірахманованың сөзінше, коронавирустың үнді штамы өте агрессивті болып шыққан. Ол адамдардың иммунды жүйесін "алдай" алады.

"Біз жақында ғана он бір күндік баладан айырылып қалдық. Өйткені анасы жүктіліктің 39 аптасында инфекция жұқтырып, іші өтіп, дене қызуы көтерілген. Босанған әйелдің жағдайы ауыр болды.

Бесінші күні баланың миы зақымданғаны анықталды. Нәрестеде инсульт дамыды. Кейінірек, оның жүрегінде, үлкен тамырларында, қолқасында және өкпе артериясында ұйысқан қан бар екені анықталды. Біз бұл баланы құтқара алмадық.

Екінші жаңа туған сәби түсті - ол балада да осындай белгілер. Бұл инсульттан басталады. Бүгінде балалар арасында ауру жұқтыруы көрсеткіші артты. Балаларда ауру ауыр өтеді, өйткені вирус мутацияға ұшырап, өте агрессивті бола түсуде", - деді ол Sputnik Қазақстанның баспасөз орталығындағы онлайн-брифингте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926906-qazaqstanda-zana-tugan-sabi-koronavirustan-qaitys-boldy/

pixel