Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әпкесі мен інісі вакцинация паспортын жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда вакцина төлқұжатын жасаған ағасы мен әпкесі ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Туыстардың заңсыз әрекетін криминалдық полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықтады.

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың сөзінше, бірінші болып 22 жастағы А.есімді азамат назарға іліккен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыстық схема келесідей болған: әлеуетті клиенттерді тауып, келіссөздер жүргізген, төлемді электронды аударымдар арқылы қабылдаған.

Содан кейін техникалық жағын жүзеге асыру үшін қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесі іске қосылған. 25 жастағы М.есімді азаматша коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың мәліметтер базасына "клиенттердің" дерегін енгізген.

Полицейлер іс жүргізу тәртібімен М.есімді азаматшаның жұмыс орнында тінту жүргізген. Тәртіп сақшылары кеңсе техникасы мен профилактикалық екпе салуды тіркеу құжаттамасын алып, іс құжаттарына тіркеген.

Науатовтың сөзінше, іс Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған.

Екі фигурантта қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді. Тергеуді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926927-almatyda-apkesi-men-inisi-vakcinaciya-pasportyn-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel