RU

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған қазақстандық әйелге іздеу жарияланды

Айсұлу Сексембаева
Айсұлу Сексембаева. Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріліп жатыр деп хабарлайды Polisia.kz.

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 1976 жылы туған Айсұлу Сексембаева іздестіріліп жатыр.

Ол Солтүстік Қазақстан облысы Есперлі ауылында өмірге келген. Бұлтартпау шарасы - қамауда ұстау.

Әйелдің ерекше белгілері: бойы - 165-175 см, толық денелі, беті сопақша, аққұба, көзі көк, тік мұрынды, қара шашты.

"Іздестіріліп жатқан адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 8 (7162) 29-10-09, 29-11-14, 87071198719, 87761106565 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуларын сұраймыз", - дейді полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926929-asa-iri-molserde-alayaqtyq-zasagan-qazaqstandyq-aielge-izdeu-zariyalandy/