Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы оқушылары маскамен қамтамасыз етіле ме: Басқарма басшысы жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында жаңа оқу жылында оқушылар маскамен қамтамасыз етілетінін жеткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ләззат Жылқыбаеваның сөзінше, сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады.

Алайда асхана мен дене шынықтыру сабағында тағу міндетті емес.

"Дене шынықтыру сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз", - деді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, ол мектеп балаларды қажет болса маскамен қамтамасыз ететінін жеткізді.

"Оқушыларды антисептик, бетпердемен қамтамасыз ету - ата -аналардың міндеті. Бірақ, егер ата-аналардың оған мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда мектеп қамтамасыз ететін болады",- деді Ләззат Жылқыбаева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық білім басқармасының басшысы жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болуы керегін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926930-almaty-oqusylary-maskamen-qamtamasyz-etile-me-basqarma-bassysy-zauap-berdi/

pixel