Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жылға сотталған қылмыскер Абайдың портретін салып, кітапханаға сыйға тартты

Опубликовано:

polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының қауіпсіздігі ең жоғары мекемесінің сотталушысы Абай Құнанбаевтың 176 жылдығына оның портретін салып, Атбасар кітапханасына тарту етті деп хабарлайды Polisia.kz.

"Мектепте Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқығанымыз есімде. Мен біздің мұрамызды мақтан тұтамын, көптеген елдерде Абайды оқығанын, ұлы ақынның шығармалары арқылы біздің еліміздің шығармашылығымен танысқанын мақтан тұтамын. Біздің бүгінгі ұрпағымыздың өз мәдениетін ұмытпауды, оны бағалап, дәріптеуді, балаларға беруді парызымыз", – дейді сотталушы азамат.

Айта кетерлігі, Бауыржан ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр. Достарымен бірге өткізген түнгі мерекеден кейін көңілді кешті жалғастыру үшін ақша іздеген ол артынша адам өлтірген.

Үлкен жанұяда жетінші бала болғандықтан, ол ешқашан сурет салуға ерекше қызығушылық танытпағпты. Тек осы жерде, абақтыда тікенекті сымның ар жағында сурет салуға әуестене бастаған.

Абай Құнанбаевтың портретін салып шыққан Бауыржан оны аудандық кітапханаға сыйға беруді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926946-17-zylga-sottalgan-qylmysker-abaidyn-portretin-salyp-kitapxanaga-syiga-tartty/

pixel